2005 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің «0506011-геодезия және картография» мамандығына оқуға түсті. 2009 жылы «ГАЖ технологияларын қолдану арқылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ауылшаруашылық картасын құру» тақырыбында диссертациясын өте жақсы деген бағамен қорғады (ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., аға оқытушы Қарағұлова Р.Т.). 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің «6N0609-География» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2012 жылы «Іле Алатауының солтүстік беткейінің ландшафтық және экологиялық аудандастырылуы» тақырыбында магистрлк диссертациясын қорғады. (ғылыми жетекшісі – т.ғ.д., профессор м.а. Керімбай Н.Н.) «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды. 2011 жылы Зальцбург университетінде (Зальцбург, Австрия) геоинформатика бойынша «академиялық ұтқырлық» курсы бағдарламасы бойынша оқыды. 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің «6D071100-Геодезия» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсті. Докторлық диссертацияның тақырыбы «Гравитациялық процестердің қауіптілік дәрежесі бойынша аумақты геоэкологиялық аудандастырудың геодезиялық негіздемесі». Өндірістік қызметін «KazInzh Electronics» компаниясында бастады, ол өндірісте барлығы 4 жыл жұмыс істеді. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушылық қызметінде де қосымша жүктемеде жұмыс атқарды. Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) және Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) бағытында белсенді жұмыс істейді. ТЕМПУС «Геоинформатика: энергияны, ресурстарды, қоршаған ортаны басқару GEM» және TEMPUS «Израиль, Әзірбайжан, Қазақстандағы экожүйелердің мониторингі үшін ғарыштық қашықтықтан зондтауда білім беруді күшейту» халықаралық жобаларына қатысты. Сондай- ақ гранттық және келісімшарттық ғылыми жобаларға қатысты. Батыс-Венгрия университетінің Эразмус Мундус стипендиясының иегері. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті «Картография және геоинформатика» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқаруда.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2009
Қызығушылығы

1

Кудайбергенов Муратбек Касимбекович

Шокпарова Д.К. Агроландшафттардағы топырақтардың деградацияға ұшырау қауіптілігін бағалау. IІІ. Іле алатауының етегінде жайғасқан сұрғылт топырақтарды (серозем) қамтыған агроландшафттардың деградацияға ұшырау сипаттамалары 2012 - г. 9 - стр. 0
2

Кудайбергенов Муратбек Касимбекович

Керімбай Н.Н. Іле Алатауының солтүстік беткейінің үш өлшемдік сандық үлгісін ГАЖ көмегімен құрастыру және оны пайдалану 2012 - г. 5 - стр. 0
3

Кудайбергенов Муратбек Касимбекович

Таукебаев О.Ж., Асылбекова А.А., Мамутов Ж.У. 2014 - г. 8 - стр. 0
4

Кудайбергенов Муратбек Касимбекович

Касымканова Х.М. Жер беті жылжуын ғарыштан мониторинг жүргізу 2019 - г. 6 - стр. 0
5

Кудайбергенов Муратбек Касимбекович

ГAЖ тeхнологиясын қолдaну нeгiзiндe грaвитaциялық үрдiстeрдiң қaуiптiлiк дәрeжeсi бойыншa гeоэкологиялық aудaндaстыру 2020 - г. 8 - стр. 0
6

Кудайбергенов Муратбек Касимбекович

Жалгасбеков Е.Ж., Касымканова Х.М. Геодезиялық өлшеулер жүргізуге арналған тұрақты жер репері 2020 - г. 1 - стр. 0
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0